Жаңалықтар
Қазақ қүресі бойынша ашық турнир

Қазақ қүресі бойынша ашық турнир

Қазақ қүресі бойынша ашық турнир

Қазақ қүресі бойынша ашық турнир

Желтоқсан айында, бүкіл Республика, еліміз үшін маңызы зор мерекелік күндерді атап өтпек. Қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге ерекше ықыласпен дайындалады. Бұл айтулы күн - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы жетістіктерінінің маңыздылығын таныту мақсатымен белгіленген.

Бүгінгі күні біздің елімізді әлем жұртшылығы замануи демократиялық мемлекет ретінде мойындап отыр. Ұлттық бірлік пен этносаралық толеранттылықтың Қазақстандық моделі, көптеген елдер үшін үлгі болуда. Бәрі білетіндей аталған жетістіктердің авторы – Елбасы Н.Назарбаев.

2017 жылдың 18 қарашасында Алматы қаласының «Спартак» стадионында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған, 2002-2004 ж.т. жастар арасында «Қазақ күресі» бойынша Ашық турнирі өтті.

Іс-шара, бұқаралық спорт түрлері мен салауатты өмір салтын насихаттау, популяризациялау мақсатында өткізілді.

Ашық турнирге тек қана Алматы қаласының палуандары ғана емес, сонымен қатар, Алматы облысының Қарасай, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарының спорттық клубтарынан келген 100-ден астам спортшы қатысты.

 

Іс-шараны, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Ауғанбаева Алма Құрманқызы салтанатты түрде ашты. Сонымен қатар, турнирдің құрметті қонағы – қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының қола жүлдегері, спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Алматы қаласының аға жаттықтырушысы – Сайдақов Еркін және бүкіләлемдік Қазақ күресі федерациясының ақпарат бөлімінің жетекшісі, белгілі журналист – Ақын Ордабайұлы жас спортшыларға өздерінің тілектері мен құттықтау сөздерін айтты.

Жарыстағы болашақ чемпиондардың жанкешті күресін ТРК Хабар 24 мен СТВ телеканалдардың өкілдері түсірді.

Ашық турнирдің жеңімпаздар атағына ие болған спортшылар:

73 кг салмақ категориясында, 2002-2004 ж.т. жасөспірімдер арасындағы жарыста жеңімпаз атанғандар:

1 орын – Омиргазы М.

2 орын – Сапарбаев А.

3 орын – Туканов А.

3 орын – Мырзаханов И.

73 кг салмақ категориясында, 2002-2004 ж.т. жасөспірімдер арасындағы жарыста жеңімпаз атанғандар:

1 орын – Сериков Ш.

2 орын – Бахтияров Р.

3 орын – Сайын Д.

66 кг салмақ категориясында жасөспірімдер арасындағы жарыста жеңімпаз атанғандар:

1 орын – Бейбосынов Б.

2 орын – Нозыбаев М.

3 орын – Юлдашев Б.

3 орын – Байконыс Б.

60 кг салмақ категориясында жасөспірімдер арасындағы жарыста жеңімпаз атанғандар:

1 орын – Ескандир Ж.

2 орын– Тойбиев Г.

3 орын – Токен М.

3 орын – Нуржокып Б.

55 кг салмақ категориясында жасөспірімдер арасындағы жарыста жеңімпаз атанғандар:

1 орын – Жумахан Д.

2 орын – Гайполла А.

3 орын – Ыдырыс А.

3 орын – Жолдас Е.

50 кг салмақ категориясында жасөспірімдер арасындағы жарыста жеңімпаз атанғандар:

1 орын – Илияс А.

2 орын – Саткан М.

3 орын – Жумагали А.

3 орын – Алдабергенов Д.

46 кг салмақ категориясында жасөспірімдер арасындағы жарыста жеңімпаз атанғандар:

1 орын – Курманбеков Е

2 орын – Оналбай Е.

3 орын – Умирбеков А.

3 орын – Ергешов Х.

42 кг салмақ категориясында жасөспірімдер арасындағы жарыста жеңімпаз атанғандар:

1 орын – Маулетхан Е.

2 орын – Жорабай А.

3 орын – Шарылкасын А.

3 орын – Оразхан А.

35 кг салмақ категориясында жасөспірімдер арасындағы жарыста жеңімпаз атанғандар:

1 орын – Сапаргалиев Д.

2 орын – Сагын А.

3 орын – Токен А.

3 орын – Турмаганбет Р.

38 кг салмақ категориясында жасөспірімдер арасындағы жарыста жеңімпаз атанғандар:

1 орын – Масахбаев С.

2 орын – Тангабет Н.

3 орын – Бигалиев Е.

3 орын – Масахбай А.

Әр салмақ категориясы бойынша жеңімпаздар грамота және медальдармен марапатталды.

04.05.2018

Возврат к списку