Жаңалықтар
«Табысты істі қалай ашуға болады?» атты шеберлік сағаттар циклының соңғы бөлігі

«Табысты істі қалай ашуға болады?» атты шеберлік сағаттар циклының соңғы бөлігі

«Табысты істі қалай ашуға болады?» атты шеберлік сағаттар циклының соңғы бөлігі

«Табысты істі қалай ашуға болады?» атты шеберлік сағаттар циклының соңғы бөлігі

2017 жылдың 16 қарашасында Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры International Business Academyмен бірлесе отырып, «Табысты істі қалай ашуға болады?» атты шеберлік сағаттар циклының соңғы бөлігін өткізді. Трениг барысында, бизнесті дамыту саласындағы эксперт маркетинг, сауда, брендинг пен инновациялар бойынша бизнес-жаттықтырушы Аркадий Теплухин қатысушыларға, қандай жолдармен алғашқы капиталсыз бизнесті ашуға, сауданы қалай бастап жүргізуге болатынын, "партизандық" маркетингтің не екендігін және қолма-қол ақшаның көзі – сату екендігін айтып берді. Сонымен қатар, Аркадий Теплухин бренд тұжырымдамасын құрастыру, оның құралдары «Брендингтік матрешка», инновациялар, «Өзгер, әйтпесе өлесің!», «Кәсіпкерлерге арналған инновациялар» тақырыптарының қыр-сырларын ашты. Аталмыш тренингке 30-дан астам жастар және Шымкент қаласынан келген қонақтарымыз, әрі әріптестеріміз – Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының өкілдері - Абзалбек Әлібекұлы және Мейірбек Қалжанбекұлы қатысты. Дәстүр бойынша, тренинг, теориялық білім беру мен оларды тәжірибелік түрде бекіту негізінде жүргізілді. Тренинг қорытысында қатысушылар сұрақтар қойып, белсенділік танытты.

04.05.2018

Возврат к списку