2017 жылдың 9 қарашасы күні «Мәңгілік ел жастары» атты фотобайқау жеңімпаздары марапатталды. Байқау комиссиясының төрағасы, фотосуретші Арман Байсадықов және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат Қалиев жеңімпаздарға 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстап, құттықтау сөздерінде шығармашылық табыстар тіледі.
Еске сала кетсек, байқаудың басты мақсаты – Қазақстанның жас азаматтары арасында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеяның біріктіруші рөлін және құңдылықтарын насихаттау.