Жаңалықтар
ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҚОЛДАЙДЫ

ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҚОЛДАЙДЫ

ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҚОЛДАЙДЫ

ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҚОЛДАЙДЫ

Бүгінгі таңда, жастар түрлі салалар мен түрлі бағыттарда жан-жақты дамып келеді. ОҚО «Жастар ресурстық орталығы» жуырда ғана жастардың қызығушылығын назарға ала отырып, «Шаңырақ» жас отбасылар мектебі және «Көшбасшылар мектебімен» толыққан болатын. Енді жас журналистер де осы орталықтан табылмақ. Облыстық "Жастар ресурстық орталығының" жанынан құрылған «Жас Медиа» жас журналистер мектебі өз жұмысын бастайды. Енді, кез-келген жас орталыққа келіп, журналистер мектебіне мүше болып, өзін сол салада дамыта алады. Жастарды медиа саласына тәрбиелейтін орталық 3 кезең бойынша оқытады. Қатысушылар семинар-тренингтер арқылы сабақтар алады, жетекшінің көмегімен сюжет дайындап, мақала жазады және өңірдегі телеарналар мен баспа үйлерінде іс-тәжірбиеден өтіп, жұмысқа орналасады. Қатысуға ниетті кез-келген жас, облыстық "Жастар ресурстық орталығына" келіп, ақысыз қатыса алады.

04.05.2018

Возврат к списку