800 мыңға жуық жасы бар өлкеде 30 қазан мен 2 қараша күндері еліміздегі ең айтулы, республикалық «Менің елім» бағдарламасы аясында аймақтардағы жастар арасында журналистика саласын дамытуға бағытталған «Zhas MEDIA» жобасы өтті.
Өткен 4 күн бойы, жастарымыз мақала жазу, сұхбат алу, ораторлық қабілет пен камера алдында сөйлеу, сюжет дайындау сынды дүниелерді медиа-тренер Санди Сұлтан мен Гүлназ Ауданбаевадан үйреніп, арнайы байқаудан өтті.
Байқаудың нәтижесінде 30 қатысушыдан 5 жас іріктеліп, Астана қаласында өтетін Республикалық медиа форумға жолдама алды.
Семинар-тренинг барысында қатысушы жастар өздерінің қабілеттерін ортаға салып, арнайы сюжет дайындаумен қатар өңірдің бетке тұтар арнасы "ONTUSTIK" телерадио кешенінде экскурсияда болып, журналист аға-әпкелерімен танысып, сұхбаттасып қайтты.