Жаңалықтар
Ұрпақтар сабақтастығы

Ұрпақтар сабақтастығы

Ұрпақтар сабақтастығы

Ұрпақтар сабақтастығы

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасының тұсауын кесті. Жобаның алғашқы кездесуінің шымылдығын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Бақытбек Смағұлмен ашты. Халық қалаулысымен өткен кездесуге Астана қаласының орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.

Екі ұрпақ арасындағы сабақтастық пен қарым-қатынасты нығайту, жастардың дұрыс жолда дамуларына бағыт-бағдар сілтеу, қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалардың өмірлік тәжірибелерінен өнеге алу, ұлттық құндылықтарды насихаттау мен дәріптеу мақсатымен өткен «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Кездесу барысында депутат жастармен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты бағыттарын, ұлттық құндылықтарды сақтау жолдарын талқылап, пікіралмасты. Кездесудің соңында депутат жастарды жалынды жырларымен рухтандырды.

04.05.2018

Возврат к списку