Жаңалықтар
Түнгі клубтар жастарға қауіпті

Түнгі клубтар жастарға қауіпті

Түнгі клубтар жастарға қауіпті

Түнгі клубтар жастарға қауіпті

Адольф Гитлер «тұтас бір жұртты бағындырғың келсе, азаннан кешке дейін аста-төк даңғырлаған музыканы қоя берсең болғаны» деп батыстың либералдық мәдениетінің жеке ұлттық өркениеттік кодтарын қалай жаулап алу әдістерін келтірген еді. Бұны өткен ғасырдың ғалымы Хантинктонның өркениеттер қақтығысы теориясында бір мәдениеттің екінші мәдениетті тұтасымен жұтып жіберуімен байланыстырады. Әлбетте кез-келген қоғамдық проблеманы көретін болсақ, бұның ғылыми негіздерімен талдаған абзал. Дәл осы ретпен, отандық кеңістікте қоғамдық мәдениеттің тұтынушысы жастардың жағдайы қандай, батыстық үлгімен келген «түнгі клубтардың» әсері қалай жүруде, неге осы үрдіске қазақстандық жастар әуес келеді деген заңды сауалдарға жауап іздейік.

Жақында Елбасының «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» атты көлемді мазмұнды бастамасын талқылаған Алматыда келелі жиын өтті. Ұлттың идеологиялық қауымының өкілдері қатысқан жиында жазушы Смағұл Елубайдың мынадай өзекті мәселесі көңіл аудартты, «сол либерализмнің әсері болып табылатын гомосексуализм, жезөкшелік, педофилдік қылмыстар бұрын біздің Ұлы далада аты да естілмеген. Енді неге сол қылмыстардың ұясы болып табылатын түнгі клубтар Алматыда қалайша қаптап тұр?» деуінен, көптен бері түнгі клубтардың отанына айналған Алматының мәдени-зиялы мәртебесіне қылау түсіріп жатқанын тағы бір еске салды.

Әсіресе соңғы он жылда ЛГПД сияқты «лизбейлер, көгілдір педофилдердің» орталары қоғамда түрліше көрініс тауып келеді. Бұл әлемнің өкілдері әлбетте ұясы болып табылатын түнгі клубтарда шоғырланады. Кезінде Пушкин мен Құрманғазыны сүйістіріп қою жарнамалық үлгі осы аталған клубтардан бастау алған. Ал есірткі мен қылмыстық топтардың клубтарда талтаңдай жүріп, заңсыз таралуы бұл өз алдына үлкен тақырыптар.

Дегенмен, қоғамда қанатын кеңге жайып мұртын балта шаппай өркендеп, ел аузына іліккендері туралы ақпараттар да баршылық. Мәселен, қатаң қоғамдық тәртіптегі Елорданың өзінде шамамен оншақты гей клубтары (Монро, Монако), ал Алматыда жиырмадан аса делінсе, БАҚ құралдарының мәліметтерінің бейресми деректерінде 60-қа жуық түнгі көңіл көтеретін орындары бар екен. Оның ішінде тыржалаңаш билейтін ресми жарнамалайтын 19 стриптиз клубтары тіркелген. Бұл жөнінде zoon.kz сайтынан байқасаңыздар да жеткілікті. Әрине басқа да облыс орталықтарында мұндай көңіл көтеретін клубтар сәтті жұмыстарын жүргізуде. Олардан адам аяғы үзілмейді.

Ең өкініштісі, баратындардың басым бөлігі 80 пайыздан астамы 16-23 жас аралығында әлі ес тоқтата қоймаған жастар. Керек десеңіз, барушылардың жасарып бара жатуы да қауіпті. Мысалы, осы жылдың жазында Алматы облысы Қарасай ауданының Іргелі ауылының оқушысы ата-анасымен ұрысып қалған соң қайта оралмайтыны туралы хат жазып, үйінен 12 шілдеде қашып кеткен. Туыстарының өз бетінше жүргізген іздеу шаралары нәтиже бермеген соң, 15 шілдеде ата-анасы көмек сұрап, полицейлерге жүгінген. Жеткіншек қыздың осы уақыт бойы Талғар ауданында жалдамалы пәтерде жасырынғаны анықталып, полиция қызметкерлері оны алматылық түнгі клубтардың бірінен тауып алған. Әрине, оқушы қыздың ол жерде жападан жалғыз жүрмейтіні анық. Бұл сол қыздың араласатын құрбы-достарының дені осы түнгі клубтарға барып жүргендігімен белгілі.

Ал рухани буыны қатпаған бала түнгі клубтардан билеуден бұрын алкогольдік ішімдіктерді ішуді, темекі-кальян тартуды, қазіргі «спайс» психтропты жасанды есірткі заттарын тұтынудан бастайтындығына ешкім кепіл бермейді. Ең сорақысы, ол жерлерде бетперде киген жалаңаш қыздар түнгі клуб қонақтарын шешінуімен қоймай, жыныстық қатынаспен де еліктіретін көріністермен танысады.

Мысалы, кешегі Шахтинскінің бір түнгі клубында болған сұмдықтың әлеуметтік желіде талқыланғанынан байқаймыз. Әлгі бейнебаянда - ортаға ерлердің бірін шығарып, шешіндіріп, жыныс мүшесін аймалаған. Мұндай анайы әрекеттер жасырын болмаған. Соған қарағанда клуб қонақтарына мұндай әрекет ұнаған болуы керек. Ұятсыз әрекетті келушілердің бірі ұялы телофонға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Осыдан кейін қала тұрғындары әлеуметтік желіде дабыл қаға бастады. Шахтинскіліктердің айтуынша, мұндай әрекеттің жолын кесу керек. Себебі видеода жастар жүр, оларды өзге балалар көріп, еліртеді. Сондай-ақ, олар түнгі клубтардың жабылуын талап еткен екен.

Осындай әрекеттер еліміздің түнгі клубтарында өте жиі кездеседі. Бірінде би билеген жігіт пен қыз тыржалаңаш шешініп тастап, клубтағы қонақтардың алдында ерсі әрекеттер жасап, эротикалық билеп жүрсе, оларды одан әрі қоздырып сол кештің жүргізушілері Адам мен Еваның кейпінде шығуларын сұрағыштап жатады. Бұл қызықты сол жерде көргенде арманда, көрмегенде арманда қылатындай жоспарлы көңіл-көтеру - түбінде қазақстандық қоғамды ішінен даңғаза музыкалық у-шумен, масайратып маймыл кейпіне түсіретін жастардың миын улап, тұлғалық қасиеттерінен айыратын жымысқы саясат екені айқын. Әрине, бұл да нарықтық кәсіптің бір түрі екендігін жақсы-ақ түсінеміз, салық төлеп тұр ғой. Бірақ болашақ әке мен аяулы ананы былай тәрбиелеп жатқан бұл қандай бизнес орта?!

Табыстың заңды көзі бола тұра, ұрпақты құрдымға жіберсе, денсаулығына, психикасына зиянын тигізсе, әрине мемлекеттік тұрғыдан қайта ойланатын көкейкесті мәселе.

Өкініштісі қоғамның, жергілікті басшылықтың, заңның, идеологияның саналы түрде көз-жұма қарауы, кейде науқаншылдықпен шектелуі, тиісті әрекеттердің әлсіздігі десек, бір жағынан отбасылық институттың, ұлттық тәрбие мен дәстүрлі наным-сенімнің қоғамдық сипатының нақтылықсыздығы әрі мардымсыздығы, ақпараттық-қоғамдық жобалардың аздығы тағы бар. Өз кезегінде бұның барлығы ұрпақты сақтау, келешекті нығайтумен тығыз байланысты мәселе. Түнгі клубтар сол үшін де қаншалықты қоғамның дамуына керек...

Сондықтан әлемге баратын бесіктегі баланы да, әлемді де дұрыстап тербету қажеттілігі бәрімізге сын мен үлкен жауапкершілік болып қала бермек.

Мақсат Жақау, аймақтанушы

03.05.2018

Возврат к списку