Жаңалықтар
Жаңа әліпби – жастар үшін тарихи қадам

Жаңа әліпби – жастар үшін тарихи қадам

Жаңа әліпби – жастар үшін тарихи қадам

Жаңа әліпби – жастар үшін тарихи қадам

Қазан айындағы Елбасының алдына соңғы латын һаріптерінің үлгісі ұсынылды. Сонда Елбасының ғалымдарға алғыс айта бастағанын-ақ, қазақтың жаңа әліпбиі бекітілді-ау деп, әлеуметтік желіде жаңа үлгісімен таныса отырып алғаш қазақ жұртынан сүйінші сұрай кетіп едік. Себебі, осы уақытқа дейін талай үлгілерді талқылап келдік, соның арасынан үздіктің үздігіндей озып шыққаны, көңілге жаққаны осы соңғы үлгі, бір әріппен бір дыбысты беретін әліпби болатын. Осы саланың маман иесі болмасақ та төл әліпбиіміздің иесі болуға еліміздің жастары толық құқылы әрі келешек қолданушысы. Сол себепті қос қолдап қолдауымыз да заңдылық.
Үстіміздегі жылдың ұлт тарихындағы елеулі тарихи шешімдердің бірі Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында, біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау керектігін жариялап, аталған мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап, және оған кірісуге тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындықпен тоқталғандығын жеткізгенде төбеміз екі елі көтерілді, мерейіміз тасыды. Сонау 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулысымен қабылдана салысымен, латын әліпбиінің жазу үлгісі 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылғанын жадымызда аракідік білеміз. Ал, 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданып, қайта тілдік шұбаландырумен қатар, тұтас сол кезгі шаш ал десе, бас алатын тілдік қиянат саясатымен жалғасып тынған кезеңі есімізді астан-кестеңін шығарды.
Яғни, бұл жымысқы қадам, сол 1929 жылы шыққан заңның «бірыңғай түркі әрпіне көшу туралы» деген бұйрығы Мұстафа Шоқай, Нәзір Төреқұл бабаларымыз аңсаған түркітілдес халықтарын жақындастыратын, бірақ Мәскеуге ұнамайтын қаулысы бетке шыққан сүйелдей Кремльдің мазасын қашырды. Сөйтті де, 1940 жылы 23 қазанда кирилл қарпіне көшірілген тілдік саясаттағы реформа нәтижесі жасыратыны жоқ, халықты бір әріптен екіншісіне секірткен, артынша онсыз да сол кезде қалада алты пайызды құрап, қалғаны киізүйде жүрген басым қазақтың жадынын тіптен сауатсыздыққа ұшыратуға итермелеген озбыр саясаттың бірі болды ғой.
Міне, осы себептен қазақ жастары латын әліпбиіне көшуді - ұлт үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі деп санаймыз. Ұлы Дала елінің бірінші тұғырлы байлығы – жері, екіншісі – тілі, үшіншісі – мемлекеті және оның тарихы болуы керек. Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы «ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиін әлемде кеңінен қолданылады.
Ұлт болып, жұрт болып, келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың басты тетігін де – латын әліпбиіне көшу бастамасы уақытылы әрі өміршең болуы тиіс. Сонда саяси жағынан да, рухани құндылық жөнінде де ел тәуелсіздігінің мерейі үстем, керегесі биіктей түседі.
Латын әліпбиі хақында қарама-қайшы пікірлердің болуы дұрыс, әр түрлі пікірлер ескерілуі керек. Қиындықтар келеді-кетеді, тіл тазалығы, өркендеуі, әлемдік кеңістікке шығу уақыт күттірмес мәселе.
«Шешінген судан тайынбас» деген даналы сөз бар. Әлемдік тәжірибеде, Түркия Республикасы құрылған кезде түріктер саны 30 пайыз ғана болған. Сол кезде Мұстафа Кемаль Ататүрік «Бұл түріктер құрған мемлекет, сондықтан бұл жерде бәрі түрікше болады. Түрікше сөйлеген адам ғана – түрік» деген. Түбінде Елбасының сарабдал, салмақты жүргізген саясаты, қазақ шаңырағы астындағы барлық халықтың бір елде, бір тілде, бір арманмен өмір сүретіндігіне әкеле жатыр. Бұл түсіне білгенге маржан.
«Ел бүгіншіл, менікі – ертең үшін» деген Ахмет Байтұрсынұлы. Қазір қолға алып жатқан дүниенің бәрі жастар, ұрпақ үшін жасалып жатқан тірлік. Ол үшін қазақтың жазуы ұлттық болуы керек. Латын әліпбиінің арқасында жүретін елдегі тілдік реформа - үлкен үміт пен мүмкіндіктердің алдында тұр.
Латын әліпбиі ертеңнің құралы, келешектің жетістігі, осыны ұмытпайық!
Мақсат Жақау, аймақтанушы
03.05.2018

Возврат к списку