Жаңалықтар
«Осал жастар топтарымен жұмыс жасау» тақырыбындағы республикалық семинар-тренинг өткізілді

«Осал жастар топтарымен жұмыс жасау» тақырыбындағы республикалық семинар-тренинг өткізілді

«Осал жастар топтарымен жұмыс жасау» тақырыбындағы республикалық семинар-тренинг өткізілді

2017 жылдың 4-6 қазаны аралығында Қызылорда қаласында облыстың Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Жастар ресурстық орталығы және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Осал жастар топтарымен жұмыс жасау» тақырыбындағы республикалық семинар-тренинг өтті.

Іс-шара жұмысына «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы тарапынан тарапынан әзірленген Жастар ресурстық орталықтары стандарты мен бағалау әдістемесін жүзеге асырумен айналысатын сынамалы жастар ресурстық орталықтары, сонымен қатар Қызылорда облысының аудандық жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен қызметкерлері ат салысты.

WhatsApp Image 2017 10 10 at 11.25.15

«Осал жастар топтарымен жұмыс жасау» тақырыбындағы республикалық семинар-тренинг барысында жастармен жұмыс жасаудың негізгі қағидаларына сүйене отырып, Жастар ресурстық орталықтары әзірлеген, мониторинг мен қызметті бағалауға, халықтың осал топтарынан жастарды қолдауға бағытталған бағдарламаларды  жоспарлау мен іске асыру үдерісіне аса мән берілді.

WhatsApp Image 2017 10 06 at 20.21.51

Семинар бағдарламасы оқытудың интерактивті әдістері арқылы (топпен жұмыс, оқиғаларды моделдеу және т.б.) формалды емес білім беру қағидаттарын орындауға бағытталған.

Шара дәріскерлері қатарына «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы бастамасымен құрылған Ұлттық тренерлер пулының құрамындағы тренерлер болды.

18 Қазан 2017

25.04.2018

Возврат к списку