Жаңалықтар
Бос орындар жәрмеңкесі

Бос орындар жәрмеңкесі

Бос орындар жәрмеңкесі

афиша яв

 Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевпен анықталған басымдықтарын іске асыру шеңберінде жастарды жұмыспен қамту бойынша 18 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығымен бос орындар жәрмеңкесі  ұйымдастырылады. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізудің басты мақсаты ЖОО, МОО түлектері және Астана қаласының жастары арасында жұмыссыздықты азайту және оның негізгі міндеті -  бастаушы және тәжірибелі жастарды нақты жұмыспен қамтамасыз ету болып табылады. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қаладағы 40-тан астам жұмыс берушілер қатысып, өздерінде бар бос жұмыс орындары туралы айтады. Бұл елорда жастары үшін өздері қалаған саладағы бос жұмыс орындарын зерттеп, бірнеше жұмыс берушімен бір жерде тікелей сұхбаттаса алудың керемет мүмкіндігі. Осы тектес іс-шараларға келу, тәжірибесі бар жұмыс іздеушілерге де, қандай да бір себептерге байланысты өз жұмысында жетістікке жете алмай, өз орнын іздеп жүргендерге, сондай-ақ жұмыс іздеуде әлі ысылмаған түлектер мен студенттерге де өте пайдалы. Біріншілер үшін – өздері қалаған саладағы бос орындарды зерттеу мүмкіндігі, екіншілері үшін – еңбек нарығын іс жүзінде зерттеудің, анағұрлым қызықты қызмет аясын және қызметкер ретіндегі өз бағасын анықтау мүмкіндігі. 

Іс-шараның өтетін уақыты: 18 қыркүйек 2017 жылы сағат 10:00

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Сатпаев көшесі, 2 (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, бас ғимаратының атриумында).

Қосымша ақпарат:

Тел.: 76-86-83, +7-747- 565-57-31

 

 

25.04.2018

Возврат к списку